Тоныкөк жазуы бізге хат түрінде жетіп отыр - Нәпіл Базылхан

; АЛМАТЫ. Ақпанның 25-і. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Бүгін ҚР Мемлекеттік орталық мұражайында «Хаттар заман ағымында» атты көрме ашылды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Көрмеге қола дәуірден бастап, бүгінгі күнге дейінгі араб, латын және кирилл қаріптерінде жазылған әр түрлі хаттар қойылған. Тұңғыш рет көрмеге ХІІІ-ХІV ғасырлардағы Алтын Орда хандары - Тоқтамыс пен Темір Құтылықтың, XVIII-XIX ғасырлардағы қазақ хандары мен сұлтандары Абылай, Әбілпейіз, Кенесары хандардың тарихи хат-құжаттарының көшірме нұсқалары, сонымен қатар қазақтың зиялы тұлғалары А.Құнанбаевтың, Ш.Уәлихановтың, Ә.Х.Марғұланның, М.Әуезовтың хаттары да қойылған. Әр уақыт кезеңінде хабарласу, тілдесу құралы ретінде қолданылған Морзе аппараты, жазу машинкасы және тағы да басқа хат-хабар алмасудың түрлері қойылған.

«Бұл көрмені 2 жыл дайындап, бүгін міне, көрмеге 150-ден аса хаттар мен экспонаттар қойдық. Бірінші рет, бұл көрмеге үш ханның ақылды кеңесшісі, «Тоныкөк» данышпанға арналған тастың ғылыми көшірмесін ұсынып отырмыз. Бұл тасқа қашалған жазуды Тоныкөктің өзі 728 жылы жазған болатын, ол жазу бізге хат ретінде келіп отыр. Бұл нұсқа - хаттың ерекше нұсқасы», деді мұражайлық деректану және қолжазба орталығының жетекшісі Нәпіл Базылхан. Хаттар көрмесіне сонымен қатар, жартастағы жазулар, петроглифтер қойылған.

Соңғы жаңалықтар