Төреғали Төреәлі кешірім сұрады

Айта кетейік, әлеуметтік желіде әншінің 21 желтоқсан күні Павлодар қаласында өткен «Айхай 25» атты концертінде көрермендерге дөрекі сөйлегені туралы бейнематериал тарап кеткен болатын.
Төреғали Төреәлі Инстаграм әлеуметтік желісінде осы оқиғаға байланысты пікір білдірді.
«Павлодардағы кешке келген көрермендер концерттің үстінде менімен суретке түсе бастады. Сол кезде балконда отырған бір ағаның «Суретке түсуді тоқтат!» деген дауысы шықты. Мен мән берген жоқпын. Екінші рет әнсүйер қауым гүл беріп, суретке түсіп жатқан кезде сол кісі «Ән кешің не болып кетті, тоқтат!» деп тағы айқайлады. Оған да үндеген жоқпын. Үшінші рет «Қызылорданы ұятқа қалдырып жүрсің!» деген сөзі жігіттік намысыма тиіп кетті. Концертімнің шырқын бұзды. Айтқан былапыт сөздеріне жауап бермей, концерттен кетуін өтіндім», - деді әнші.
Әншінің айтуынша, оны қаралау мақсатында жарияланған видеода Төреғали Төреәліні балағаттаған сөздер түсірілмеген.
«Мен өнерімді тамашалауға келген халықты қуып шығатын әрекетке бармаймын. Халқыма аянбай қызмет етуге дайынмын. Қызуқанды болғандықтан, ашуға бой алдырып қоятынымды жасырмаймын. Халқымнан биік емеспін, сондықтан Сіздерден кешірім өтінемін. Ол кісіні көрсем, міндетті түрде кешірім сұраймын», - деді Төреғали Төреәлі.
Публикация от ZTB.KZ