Төретам кентінде 200-ге тарта Ұлы Отан соғысы ардагер­леріне мерекелік медальдар табысталды - Қызылорда облысы

ҚЫЗЫЛОРДА. Мамырдың 5-сі. Қаз Ақпарат /Руслан Игілік/ - Төретам кентіндегі мәдениет үйінде екі жүзге тарта Ұлы Отан соғысы ардагер­леріне мерекелік медальдар табысталды.
None
None

Шара барысында Қар­мақшы ауда­нының әкімі Биғали Қаюпов қарт жа­уын­герлерді Ұлы Жеңістің 65 жылдығымен құттықтады.

Ұлы Отан соғысына Қармақшы аума­ғынан жалпы бес мыңға жуық сарбаздар қан майданға аттанған болса, олардың елге жартысы ғана аман оралды. Ал бүгінде сол майдангерлеріміздің қатары едәуір сиреді.

Қармақшы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдар­ламалар бөлімінің ресми мәліметі бойынша, қазіргі таңда 700-ден астам соғыс және тыл ардагер­лерін мемлекет қамқорлығына алып, мерейтой қарсаңында респуб­ликалық бюд­жет пен облыс қазы­насынан бір реттік қолдау көрсету үшін 12 млн.теңге бөлін­ген. Сондай-ақ олардың үйлерін жөндеу мен құрылыс материалдарын жаңар­туға 3 млн. 500 мың теңге қаржы жұмсалуда.

Байқоңыр қаласы әкімшілігінің басшысы Александр Мезенцев Төретам кентіндегі төлқұжат тір­кеуінде тұрған Жұматай Мұстафаев, Қали Қуатов және Едіге Алданов есім­ді соғыс ардагерлеріне көп­қабатты үйлерден пәтер беретіндігі жөнінде айта кетті.

Соңғы жаңалықтар