Төрт облыстағы жол бөліктерінде көлік қозғалысына шектеу қойылды

АСТАНА. KAZINFORM — 2025 жылғы 5 желтоқсан сағат 19:00–де ауа райының нашарлауына байланысты бірқатар республикалық жолдарда жүк және қоғамдық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу қойылады, деп хабарлайды «ҚазАвтоЖол».

закрыта дорога, метель, гололед, боран, жол жабық, көк тайғақ
Фото: Әскербек Қаракөз / Kazinform

Ақмола облысы:

«Астана — Қарағанды — Алматы» автожолының 30-92 шақырым аралығындағы учаскесі (Жібек Жолы ақы алу пунктінен Қарағанды облысының шекарасына дейін).

Қарағанды облысы:

«Астана — Қарағанды — Алматы» автожолының 92-164 шақырым аралығындағы учаскесі (Ақмола облысының шекарасынан Теміртау ақы алу пунктіне дейін). 
Жолды 2025 жылғы 6 желтоқсан сағат 09:00–де ашу жоспарланған.

Сондай-ақ Абай облысында сағат 20:00–де ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар «ҚХР шекарасы — Майқапшағай — Зайсан айналма жолы — Қалбатау — Семей — Павлодар — РФ шекарасы» автожолының 587-910 шақырымы аралығындағы (Павлодар облысың шекарасынан Қалбатау ауылына дейін) учаскесінде жүк және қоғамдық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу енгізіледі.

Жолды 2025 жылғы 6 желтоқсан сағат 09:00–де ашу жоспарланып отыр.

Павлодар облысында сағат 20:00–де ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар «ҚХР шекарасы — Майқапшағай — Зайсан айналма жолы — Қалбатау — Семей — Павлодар — РФ шекарасы» автожолының 427-587 шақырымы аралығындағы (Кенжекөл ауылынан Абай облысының шекарасына дейін) учаскесінде жүк және қоғамдық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу енгізіледі.

Жолды 2025 жылғы 6 желтоқсан сағат 09:00–де ашу жоспарланған. 

Осыған дейін Шығыс Қазақстандағы жолдардың бірі жабылатыны туралы жаздық. 



Соңғы жаңалықтар