Төрт жылда 75 тұрғын үй пайдалануға берілді - Қызылорда

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Облыс бойынша 2011-2014 жылдары 75 тұрғын үйдің құрылысы аяқталды, оның ішінде 71 жеке, екі 30 пәтерлік және екі 60 пәтерлік тұрғын үй. Бұл туралы облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлайды.
None
None

Бағдарлама жүзеге асырылғалы бері 1113 адам қоныс аударды (237 отбасы), соның ішінде 553-і еңбек жарамдылар, олардың ішінен 319 адам жұмыспен қамтылды. Соның ішінде 2014 жылы Қызылорда қаласында екі көппәтерлі қызметтік үй пайдалануға беріліп (бір 30 пәтерлік, бір 60 пәтерлік), 328 бағдарлама қатысушысы қоныс аударды, 161 еңбекке қабілетті азаматтар ішінен 82 жұмыспен қамтылды. Қоныс аударған13 отбасына (61 адам) 1,9 млн. теңге субсидия төленді.

Жыл соңына дейін тағы да 63 (Қазалы - 35 үй, Қармақшы - 14 үй, Қызылорда қ. - 14 үй) отбасы экономикалық әлеуеті төмен елді мекендерден қоныс аударуы жоспарлануда.

Соңғы жаңалықтар