Төтенше жағдайлар министрі Оңтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарын жасады

Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаментінен баспасөз қызметінің бас маманы Құралай Тоқтарбекқызы хабарлады.
Құрылыс материалдарын, атап айтқанда, темір арматуралар, бұрыштамалар, т.б. өнімдер шығаратын кәсіпорын табиғат апатынан зардап шеккен Батыс Қазақстан облысына көмек көрсету қозғалысына белсенді атсалысып отыр. Зауыт бүгінде құрылыс материалдарына аса мұқтаж болып отырған аймаққа бір вагон өз өнімін жіберді.
Министр В.Божко, батыс өңірінің бүгінде үлкен көмекке мұқтаж екенін айта келіп, әрбір кәсіпорынның және әрбір азаматтың көмегіне халықтың риза екенін жеткізді. «Баспаналарды қайта тұрғызу, батысқазақстандықтарға көмек көрсету керек. Ол үшін қазір қаржы бөлумен байланысты мәселелер шешілуде. Бөлініп отырған көмек, алдын ала мәлімет, 19,5 миллиард теңгені шамалайды. Қазақстанның бірде-бір облысына бұған дейін мұндай қомақты көмек көрсетілмеген», - деп атап көрсетті В.Божко өз сөзінде.
«Біздің кәсіпорын баспаналарды қайта қалпына келтіруге қажетті 8,5 миллион теңгенің өнімін жөнелтіп отыр», - дейді «Феррум фтор» серіктестігі директорының өндіріс жөніндегі орынбасары Әбдімәлік Қалназаров. Бұл зауыт - металл сынықтарын өңдеп, одан құрылыс материалдарын шығаратын кәсіпорын.