Төтенше жағдайлар министрі павлодарлықтармен кездесті

ПАВЛОДАР. Ақпанның 25-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Түскен шағым-арыздар мен сауалдардың барлығы қаралады және министрліктердің құзырына жеткізіледі,
None
None

деп мәлім етті Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко сәрсенбі, ақпанның 24-і күні «Нұр Отанның» Павлодар облыстық филиалының кеңсесінде өткізген қабылдаудың қорытындысы бойынша.

Министрмен жеке кездесуге 15 адам жазылды. Төтенше жағдайлар ведомстволары үшін кадрлар дайындайтын оқу орнына түсу туралы шешім қабылдаған жас жігіт өз сауалына егжей-тегжей жауап алды. «Ертіс» әуе отрядының ұшқыштары да министрден көмек сұрады - заңнамаға енгізілген өзгертулер оларды жеңілдікті зейнетті рәсімдеу мүмкіндігінен айырып отыр.

Министр В.Божко аймаққа сапарының аясында кеше сондай-ақ, Павлодар мұнай-химиялық зауытында болып, қазіргі заманғы мамандандырылған техникалардың «парадын» тамашалады. Министр кәсіпорын басшылығының зауыттың өрт сөндіру бөлімі мен газ-құтқару қызметінің жасақтарына жасап отырған жағдайына тәнті болды. Өрт сөндірушілер мен құтқарушылар, зауыттың барлық жұмысшылары сияқты, әлеуметтік пакетке ие.

Ал бүгін, ақпанның 25-і күні министр Павлодар педагогикалық институтында болып, студенттермен және оқытушылармен кездеседі, Ақсу қаласындағы өрт сөндіру бөлімінің жұмысымен танысады, Ақсу ферроқорытпа зауыты мен Екібастұз ГРЭС-2 стансысын аралайды.

Соңғы жаңалықтар