Төтенше жағдайлар министрлігі 2009 жылға арналған бюджеттің шығыстарын азайтты ? Интернет-конференция

АСТАНА. Маусымның 2-сі. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ -Жаһандық қаржы дағдарысына байланысты Төтенше жағдайлар министрлігі 2009 жылға арналған бюджеттің шығыстарын азайтты.
None
None
Бұл туралы бүгін Төтенше жағдайлар министрілігі өткізіп жатқан интернет-конференцияда мәлім етілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Атап айтқанда, биыл Төтенше жағдайлар департаменттерінің ғимараттарын жөндеуге қарастырылған қаражат 44,9 млн. теңгеге қысқартылды. Өрт сөндіру қызметтері мекемелеріне және жанар-жағармай сатып алуға көзделген қаражаттан 331,8 млн. теңге ақша бюджетте қалады. Көкшетаудағы техникалық институтқа бөлінген қаржы 3,7 млн. теңгеге азайтылды. Ал Оңтүстік Қазақстан облысында Сырдария өзені бойында Көксарай су тоспасын салу инвестициялық жобасына қарастырылған шығын керісінше 10 000,0 млн. теңгеге өсірілген. Сондай-ақ Үкімет сайтында, «Астанада авиациялық база салу инвестициялық жобасынан 158,8 млн. теңге алынып тасталды. Материалдық-техникалық жабдықтар алу 3 639,0 млн.теңгеге қысқарды. Төтенше жағдайлар министрлігі мен мемлекеттік органдар арасында ақпараттық-коммуникациялық жүйеге бөлінген қаражаттан 528,6 млн.теңге қысқарту орындалды», делінген.
Соңғы жаңалықтар
Референдум