Төтенше жағдайлар министрлігі БҚО-дағы жағдайдың тұрақтанғанын хабарлайды

АСТАНА. 30 сәуір. ҚазАқпарат - Бірнеше аудан мен облыс орталығы су астында қалған Батыс Қазақстанда тасқын салдарын жою іс-шаралары жалғасуда.
None
None

Толықтай алғанда аймақтағы жағдай тұрақтанды, - деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.

«Орал қаалсындағы гидрологиялық бекеттегі Жайық өзенінің деңгейі 527 см-ді құрап, бір тәулікте 33 см-ге төмендеді. Чувашинское ауылындағы гидрологиялық бекеттегі Шаған өзенінің деңгейі 580 см, бір тәуліктегі төмендеуі - 10 см. Қайыңды ауылындағы гидрологиялық бекеттегі Үлкен өзеннің су деңгейі 488 см-ді, тәулік ішіндегі төмендеуі 3 см-ді құрайды», - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта қызыл су астында қалған Орал қаласының және аудандардағы елді мекендердің барлық абоненттері электр энергиясымен қамтамасыз етілді. Бәйтерек шағын ауданының 33 тұрғын үйіне газ әлі берілген жоқ.

Ведомствоның атап өтуінше, көмек көрсету жұмыстары жалғасуда. 14 қауіпсіз бекетке орналасқан 1 147 адам ең қажетті заттармен қамтамасыз етілген.

Төтенше жағдайдың алдын алуға ҚР ТЖМ-нің жеке құрамының 15 маманы, 3 техникасы, 1 қайығы, 1 тікұшағы жұмылдырылған.

Соңғы жаңалықтар