15:35, 29 Қыркүйек 2010 | GMT +5
Трактор зауыттары Қазақстанға өнім жеткізу аясын кеңейтуде
САНКТ-ПЕТЕРБОР. Қыркүйектің 29-ы. ҚазАқпарат /Елена Мягкова/ -Қыркүйек айында "Концерн" Трактор зауыттары" мәшина-құрылыс-индустриалдық топтың 2011 жылы Қазақстанға өнім жеткізу жөніндегі алдын ала келісімдері жасалды. Орталық Азия аумағына жіберілетін жиынтықты және қосалқы бөлшекті ресейлік техниканың алғашқы легінің сатылу бағасы болжам бойынша 50 млн. рубльдан асады, деп хабарлады зауыттың баспасөз қызметі.
«Трактор зауыттары» өнімдеріне энергетикалық және тау-кен өндіретін кәсіпорындар ғана емес, «Қазақстанның Халық банкі» АҚ сияқты қаржылық ұйымдар да қызығушылық танытып отыр.
Қазақ кәсіпкерлерінің ерекше назарын аударып отырған трактор техникасы мониторингісінің көпфункционалды жүйесі, бұл жүйені «Трактор зауыттары» кәсіпорындары енгізіп отыр.