«Туған елге тағзым» өлкетану экспедициясына қатысушылар Батыс Қазақстан өңірімен танысуда

ОРАЛ. 4 шілде. ҚазАқпарат - 2-9 шілде аралығында «Туған елге тағзым» өлкетану экспедициясы құрамында Өскемен қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары Батыс Қазақстан өңірімен танысуда.
None
None

Экспедиция құрамында 48 оқушы мен химия-биология бағытындағы сыныптардың 10 мұғалімі Орал қаласына келді. Олар облыстық тарихи-өлкетану музейінде, «Орал «Зенит» зауыты» АҚ, «Оралагрореммаш», «Белес Агро» ЖШС-да болып, жоғары оқу орындарының тыныс-тіршілігімен танысуда. Орал қаласы іргесіндегі «Жайық» қалашығы, облыстық экологиялық-биологиялық орталыққа ат басын тірегеннен кейін Ақжайық, Сырым және Зеленов аудандарына сапарға шығып, Сырым Датұлы, Алаш қайраткерлері, В.Чапаев, М.Шолохов, Қадыр Мырза Әлі сынды бірегей тұлғалар жөнінде деректер жинайды. Бағдарлама барысында ақын Ақұштап Бақтыгереева және облыстың басқа да танымал адамдарымен кездесу жоспарланған.

Орал қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің шәкірттері осындай сапармен Өскеменде болмақ.

Соңғы жаңалықтар