Туған күн кеші көршінің өлімімен аяқталды

ТАРАЗ. 17 сәуір. ҚазАқпарат - Жамбыл ауданының Түркісіб аулының тұрғыны өзінің туған күнінде 17 жасар көршісін өлтірді, деп хабарлады Жамбыл облысы ІІД баспасөз қызметі.
None
None

«1977 жылы туған, бірнеше рет темір тордың дәмін татқан, 1977 жылғы азамат В. өзінің отбасына және көршілеріне елірген сотқарлық мінез-құлқымен «атағы» шыққан болатын. 10 сәуірде өзінің кезекті туған күнін «жақсылап» жуып, түнге қарай қарама-қарсы үйде тұратын көрші жас жігітке реніші есіне түседі.

17 жастағы жас жігіт ауылдастардың мазасын алған сотқарды әлденеше рет сабасына түсірген болатын, деп әңгімеледі баспасөз қызметіндегілер.

«Туған күн иесі» оны әңгімеге шақырып, қақпаны ұрып, былапыт сөздермен айқай салды. Жас жігіт мән-жайды түсінісуге сыртқа шықты. Бірақ күш тең емес еді, сондықтан төбелесті бастаушы өз үйіне қайтадан кіріп, асхана пышағымен жігітті қуып жетіп, ішіне пышақ салды.

Жәбірленуші ауруханаға апара жатқан жолда қан көп кетуінен көз жұмды. Қылмыс орнынан пышақ тәркіленді.

Ұсталған адам тұтқынға алынды және қылмысын мойындады, оған ҚР ҚК 2-бөлімінің 96-бабымен (кісі өлтіру) айып тағылды, деп хабарлады Жамбыл облысы ІІД баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар