Түнгі қалада балалар болмауы тиіс - павлодарлық полицейлер акциясы
Акция өткізілген уақыт ішінде түнде үйден тыс, ересектерсіз жүргені үшін 130 жеткіншек ұсталды, оларға қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылды.
Рейдтік бригалар түнгі 22.00-ден кейін көбінесе балалар көптеп жиналатын компьбтер клубтары мен көңіл көтеру мекемелерін аралауда.
Қазірдің өзінде жеткіншектерге байланысты 211 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. 16 ата-анаға қатысты ӘҚтКо 336-бабы бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.
Түнгі мезгілде екі кәмелетке толмаған баланы кіргізген «Север» компьютер клубының әкімшісіне бес АЕК айып салынды. Екі жеткіншеті полицейлер Екібастұздағы «Дрим» компьютер клубында тапты, олардың бірі мас күйінде болған. Балалардың ата-аналары мен клуб әкімшісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Жазалау шараларымен бірге, полицейлер 421 оқу орнында оқушылар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған 680-нен астам дәріс оқыды. Мектептер, лицейлер мен колледждердің оқушыларына ҚР заңдарына түсініктеме беретін жадынамалар үлестірілді.