15:56, 29 Сәуір 2011 | GMT +5
«Түнгі қаладағы балалар» акциясы барысында Шалқар мен Қандыағаштың теміржол вокзалдарында 7 жеткіншек анықталды
АҚТӨБЕ. 29 сәуір. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ - 19-27 сәуір аралығында Қандыағаш стансасы ЖІІБ қызмет көрсететін учаскесінде республикалық «Түнгі қаладағы балалар» акциясы өткізілді.

Қандыағаш стансасындағы ЖІІБ аға инспекторы Изат Бөкешованың айтуынша, акция барысында кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспекторлар прокуратура, денсаулық сақтау, білім, «Нұр Отан» ХДП өкілдерімен бірлесе отырып, түнгі уақыттарда балалар мен жеткіншектердің көңіл көтеру мекемелері мен үйден тыс жерде болуын анықтауға арналған рейдтік шараларды ұйымдастырды.
Нәтижесінде, ішкі істер органдарына ересектердің қамқорлығынсыз Шалқар мен Қандыағаштың теміржол вокзалдарында жүрген 7 жеткіншек анықталды. Олардың екеуіне қатысты ескерту түріндегі әкімшілік ықпал ету шарасы қолданды.
Сонымен қатар, акция барысында Мұғалжар және Шалқар аудандарының 19 мектебінің оқушыларымен профилактикалық кездесулер өткізілді.