Тұңғыш Каспий теңізі саяхатына журналистер аттанатын болды

АСТРАХАНЬ. ҚазАқпарат - Астрахань облысының губернаторы Александр Жилкин үшінші Каспий медиафорумында Каспий маңы елдерінің журналистерін алдағы уақытта жаңа круиздік лайнермен Жер шарындағы ең үлкен мұхитпен шектеспейтін теңізге тұңғыш реткі саяхатқа шақырды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
None
None

Александр Жилкиннің сөзіне қарағанда, круиздік лайнер «Лотос» кеме жасау зауытында жасалады. «Келер жылдың ақпанында үш жүз туриске арналған лайнер суға түсіріледі. Олардың арасынды Каспий маңы елдерінің журналистері де болуы мүмкін», - деді ол.

Бұрын хабарланғанындай, төрт палубалы үлкен саяхат кемесі Ресейде алғаш рет жасалуда. «Астрахань облысының аумағында мұндай кеменің жасалуы Каспий маңы елдерінің туризм саласында тығыз байланыстар орнатуды қамтамасыз етеді. Өйткені, круиздік лайнерлерге сұраныс тек Ресейде ғана өсіп отырған жоқ қой», - деді Александр Жилкин.

 

Соңғы жаңалықтар
Референдум