Тұңғыш Президент күні - бұл Қазақстан халқын топтастыруға шақыратын маңызды қоғамдық-саяси оқиға - Д.Мыңбай

АСТАНА. 1 желтоқсан. ҚазАқпарат - Тұңғыш Президент күні - бұл Қазақстан халқын топтастыруға шақыратын маңызды қоғамдық-саяси оқиға.
None
None

Бұл пікірді  бүгін елордадағы Тәуелсіздік сарайында өтіп жатқан V Жалпыұлттық Қазақстан патриоттарының форумында сөз сөйлеген ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Д.Мыңбай білдірді.

«Бүгінгі күндегі біздің басты игілігіміз - алуан түрлі этникалық қоғамдағы бейбітшілігіміз. Толерантты қазақстандық қоғамның мызғымас құқықтық және адамгершілік негіздерін қалаған тұрақтылық кепілі біздің Тұңғыш Президент болып табылады. Демек, Тұңғыш Президент күні - бұл Қазақстан халқын топтастыруға шақыратын маңызды қоғамдық-саяси оқиға»,-  деді ол.

Министрдің пайымынша, бұл мереке ұлттың, бірінші кезекте жастардың назарын бірлікті сақтау қажеттілігіне аудартуы тиіс.

«Бүгінде Тұңғыш Президент қазақстандықтардың кез-келген қиындықтарды жеңу символы», - деді Д.Мыңбай.

Соңғы жаңалықтар