Тунистен келген делегат Қазақстанның қонақжайлылығына таң қалды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыдағы информатикадан халықаралық олимпиадаға келген қонақтар Қазақстан туралы өз пікірілерімен бөлісіп жатыр. Тунистен келген делегат Дорса Бенна Қазақстанның қонақжайлылығына таң қалды.
None
None

"Қазақстан біз үшін беймəлім мемлекет болатын. Тунис делегациясы Қазақстанға тұңғыш рет келді. Мұнда өте қайырымды, өте қонақжай адамдар тұрады. Қайда барсақ та алдымызда мол дастархан, қонақжай адамдар қарсы алып жатыр. Түрлі экскурсия, концерттік бағдарламалар ұйымдастырылуда. Əсіресе, маған Алматының таулары қатты ұнады",- деді ол.

Д.Бенна олимпиада ұйымдастырушыларының жұмысына ризашылығын білдірді.

"Қазақстанның осындай жоғары деңгейдегі шараларды ұйымдастыруда тəжірибесі мол ел екен", - деді шетелдік қонақ.

Бүгін Алматыда информатика пəнінен халықаралық олимпиада өз мəресіне жетті. Қазір Ө.Жолдасбеков атындағы студенттер сарайында жеңімпаздарды марапаттау салтанаты өтіп жатыр. Екі күндік додада Қазақстан 4 медальмен жалпы командалық есепте 8-ші орынға тұрақтады.

Соңғы жаңалықтар