17:45, 26 Қазан 2009 | GMT +5
Тұрақты өкілдер кеңесінің кезекті отырысы Минскіде ТМД штаб-пәтерінде өтеді
АСТАНА. Қазанның 26-сы. ҚазАқпарат - Достастық органдарының жанындағы Достастыққа қатысушы мемлекеттер тұрақты өкілдері кеңесінің кезекті отырысы Минскіде Тәуелсіз мемлекеттер достастығы Атқару комитетінде 2009 жылғы қазанның 27-сінде өтеді.

Отырысқа қатысушылар 2008 жылғы қарашаның 14-індегі ТМД салалық ынтымақтастығы органдарының қызметтерін оңтайландыру туралы ТМД Үкіметтері басшылары кеңесі Шешімдерінің орындалу барысын талқылайды.
Ағымдағы жылғы қазанда Кишенэуде өткен ТМД Сыртқы істер министрлер кеңесінің және ТМД Үкіметтері басшылары кеңесініңотырыстарына үлкен көңіл бөлінетін болады.
Тұрақты өкілдер кеңесінің мүшелері Кишенэуде қабылданған мәселелердің іске асырылуын талқылайды.