Тұрақтылық пен халықтың келісімі - мемлекеттің және әрбір қазақстандықтың ісі болуы тиіс, деп санайды Мемлекет басшысы

АСТАНА. Желтоқсанның 23-і. ҚазАқпарат - Тұрақтылық пен халықтың келісімі - мемлекеттің және әрбір қазақстандықтың ісі болуы тиіс,
None
None

деп санайды Мемлекет басшысы.

«Келісім мен тұрақтылық мәселесі - қазақстандықтар мен мемлекеттің нерв жүйесі. Егер оның бір жерінде ақау пайда болса, адам денсаулығынан айырылатыны сияқты. Біздің 18 жылда жеткен жетістігіміз осы тұрақтылықтың арқасы, - деді Президент мемлекеттік БАҚ-тарға берген сұхбатында.

«Айналаны көріп отырсыздар. Тыныштық болмаған жерде қандай береке бар. Біз көп ұлтты елміз. Сондықтан да халықтар достығын көздің қарашығындай сақтауға тиіспіз. Елімізде өмір сүріп жатқан басқа ұлттардың халықтарын қазақ халқының маңына топтастыруға тиіспіз. Ал қазақтар басқа жұрттың тәуелсіздігімізді, біздің тұрақтылығымызды қолдағаны үшін жерімізде дос көңілмен өмір сүріп жатқан басқа ұлттың өкілдеріне разылықтарын білдіруі тиіс. Олардың бәрі де өз азаматтарымыз», - деді Н.Назарбаев.   

Президент Қазақстан халқы Ассамблеясының ел бірлігін күшейтуде атқарып отырған қызметіне жоғары баға берді, ел бірлігі доктринасының жобасына қатысты өз ойын білдірді.

Соңғы жаңалықтар