«Тұран» футбол клубының бас бапкері қызметінен кетті

АСТАНА. KAZINFORM — Соңғы сәтсіз нәтижелерге байланысты «Тұран» футбол клубының бапкерлік штабында өзгерістер болды.

Әбдіхалық Бөрібаев
Фото: «Тұран» футбол клубы

«Тұран» футбол клубының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, бас бапкер Әбдіхалық Бөрібаев пен оның көмекшісі Артур Авакянц қызметінен кетті. 

Түркістандық клуб премьер-лигада 19 турдан кейін 11 ұпаймен 13-орында келеді. 

Бірінші лигаға түсіп қалу қаупі төнген команда өткен турда Талдықорғанда «Жетісудан» 0:1 есебімен жеңіліп қалған болатын. 

Түркістандықтар келесі ойынын 9 тамызда Атырауда жергілікті клубпен өткізеді. «Атырау» 9 ұпаймен көш соңында келеді. 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Чемпиондар лигасында «Қайрат» өз алаңында «Слованнан» басым түскенін жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар