Тұрғындардың коммуналдық қызмет көрсетулер бойынша борышы 40 пайызға төмендеді - Павлодар облысы

ПАВЛОДАР. 9 қаңтар. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар облысында коммуналдық қызмет көрсетулер бойынша қарыз өткен жылдың желтоқсан айында 231 млн. теңгені құрады,
None
None

деп хабарлады энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасынан.

Тұтынушылар жылумен жабдықтау бойынша 128 млн. теңге, электр қуатына- 41 млн. және су бойынша - 64 млн. теңге қарыз болды.

Тұрғындармен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп келеді, энергокәсіпорындар қарызды өтеу кестелерін құрды. Қасақана төлемеушілерге сотқа арыздар жіберілді.

Барлығы 169 млн. теңге қарыз болған борышкерлерге қатысты берілген 2 707 арыздың ішінен 1 996 (126 млн. теңге) арыз қанағаттандырылып, 33 млн. теңге төлетілді.

Коммуналдық қызмет тұтынушыларының өтеу мониторингісі ай сайын өткізіледі - қарыздар 40 пайызға төмендеді.

Соңғы жаңалықтар