Туризм және спорт министрлігінің ұжымы «Қазақстан Республикасы: тәуелсіздік рәміздері» кітабының авторымен кездесті

АСТАНА. Қазанның 2-сі. ҚазАқпарат - Кеше еліміздің Туризм және спорт министрлігінің ұжымы «Қазақстан Республикасы: тәуелсіздік рәміздері» атты кітаптың авторы, ҚР Байланыс және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті төрағасының орынбасары Ербол Шаймерденмен кездесіп, әңгіме өзегі мемлекеттік рәміздерге арналды.
None
None

Тәуелсіз қазақ елінің көк байрағын әлемдік аренада танытуда спортшыларлымыздың қосар үлесі мол екендігіне баса назар аударған ол кездесуге шақырып, рәміздеріміз турасында тұшымды әңгіме тыңдауға ықылас білдіргендеріне ризашылығын айтты.

Әңгімесін «мемлекеттіліктің белгісі, ең басты нышаны - мемлекеттік рәміздер», деп бастаған Е.Шаймерден: «1992 жылы тәуелсіздігіміздің бесігі Алматы қаласында мемлекеттік рәміздеріміз қабылданды. Кез келген мемлекет өзінің жеке отауын тіккен кездегі алақайлап елге көрсететін белгісі - мемлекеттік рәміз. Жалпы, сол кездегі Парламенттегі талқылау өте ұзаққа созылды.Туды қабылдау барысында әртүрлі пікірлер айтылды», дейді ол.

Оның айтуына қарағанда, Парламент жиынына шығарылған ту қазіргі көк байрағымыздан біршама өзгеше болған. Арнайы өткізілген конкурста жеңімпаз деп танылған ту жасыл түсті, әрі онда жарты айдың суреті бедерленген. Сондықтан Парламент депутаттары арасында ол қолдау таба алмаған. Осыдан кейін байқауға қатыстырылған тулардың ішінен депутаттардың дауыс беруі арқылы қазіргі көк байрақ қабылданған.

«Бүгінгі туымыз сол 360 депутаттың түгелге жуық дауысын алып өтті. Оған бірнеше себеп те бар. Біріншіден, мұнда гуманистік идеялардың, нышандардың белгілері көрініс тапқан. Бұл тудан мемлекетіміздің саясатының барлық бағыт-бағдарын аңғаруға болады. Бейбітшілік, татулық деген ұғымдар көк түс арқылы берілген. Жалпы ту алуан түсті болу керек деген де ұсыныс түсті. Алайда біз үшін сол кезде елдің тұтастығы ерекше қажет болатын», дейді Е.Шаймерден.

Сондай-ақ кездесу барысында «Қазақстан Республикасы: тәуелсіздік рәміздері» кітабының авторы мемлекеттік елтаңба, әнұран турасында да егжей-тегжейлі әңгіме өрбітті.

Соңғы жаңалықтар