Түрк ПА делегация басшылары Ыстамбұл келісіміне өзгерістер енгізілген хаттамаға қол қойды

Қол қою салтанатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамеджанов, Әзірбайжан Республикасы Милли Меджилисінің Төрағасы Оқтай Асадов, Қырғыз Республикасы Жогорку Кенешінің Төрағасы Ахматбек Келдібеков, Түркия Республикасы Ұлы Ұлттық Мәжілісінің Төрағасы Мехмет Әли Шахин жүзеге асырды.
Естеріңізге сала кетейік, аталған келісім 2008 жылы 21-22 қарашада Ыстамбұл қаласында Түркі тілдес мемлекеттер Парламенттері жетекшілерінің бірінші конференциясында жасалған болатын.
Сондай-ақ, бүгінгі Кеңес отырысынан соң Түрк ПА-ға қатысушы мемлекеттер Парламенттері аппараттарының басшылары Түркі тілдес мемлекеттер Парламенттік Ассамблеясына қатысушы мемлекеттердің парламенттік кітапханаларының ынтымақтастығы туралы хаттамаға да қол қойды.