Түрк ПА отырысында Астана декларациясы қабылданды

АНА. 28 сәуір. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Түркі тілдес мемлекеттердің Парламенттік Ассамблеясының ІІ жалпы отырысының қорытындысына сәйкес, Астана декларациясы қабылданды.
None
None

Естеріңізге сала кетейік, жиынға Әзірбайжан Милли Меджилисі, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі, Қырғыз Республикасы Жогорку кенеші, Түркия Республикасы Ұлы Ұлттық Мәжілісінің делегациялары қатысқан болатын.

Бұл ретте отырысқа қатысушылар 2008 жылғы 21 қарашада Ыстамбұл қаласында қол қойылған «Түркітілдес елдер Парламенттік Ассамблеясы туралы» келісімді, 2009 жылғы 2-3 қазанда Әзірбайжан Республикасының Нахчыван қаласында өткен Түркітілдес мемлекеттер басшыларының ІХ Саммитінде қабылдаған декларациясын және 2010 жылғы 16 қыркүйекте Түркия Республикасының Ыстамбұл қаласында өткен Түркітілдес мемлекеттер басшыларының Х Саммитінің декларациясын жүзеге асыруды жалғастыруға дайын екендігін атап өтеді. Бұнымен қоса, парламентшілер парламентаарлық ықпалдастықтың мемлекетаралық қатынастардағы, оның ішінде саяси диалогты дамыту мен өңірлік және ғаламдық қауіпсіздікті қамтамсыз етуге тиісті жағдай жасаудағы маңызына мән береді. Түркітілдес елдер арасындағы тарих, тіл және мәдениет ортақтығына негізделген тығыз және сан қырлы ынтымақтастықты дамытудағы парламентшілердің ерекше рөлін назарға ала отырып, бірқатар бағытты ұстанады.

«ПА елдеріміздің саяси, экономикалық, мәдени және басқа да салалардағы қарым-қатынастарын тереңдетудің және халықтарымызды одан әрі жақындастырудың маңызды құралы болып табылады. ПА қысқа мерзім ішінде Ислам конференциясы ұйымының Парламенттік одағы мен Парламентаралық одақта байқаушы мәртебесіне ие толыққанды құрылымға айналды. Сондай-ақ, ПА шеңберінде тиісті шешімдерді қабылдауға жол ашатын тұрақты комиссиялардың құрылуы ықпалдастықтың жаңа сатыға қадам басуына мүмкіндік береді. ПА Түркітілдес мемлекеттер Ынтымақтастық кеңесінің, ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының, Түркі Академиясының және Ақсақалдар кеңесінің тиімді жұмыс істеуіне жан-жақты ықпал етеді. Сонымен қатар, ПА қазіргі заманның өзекті мәселесіне айналған дағдарыстан кейінгі әлемді қайта құруда халықтарымыздың мүдделеріне сәйкес келетін жаңа ғаламдық экономика мен қаржы жүйесін қалыптастыруға өз үлесін қосуға мүдделі. ПА түркітілдес мемлекеттер тәуелсіздігінің 20 жылдығы осы елдердің жаңа тарихындағы маңызды кезең болатынын атап өтеді», - делінген декларацияда.

Бұдан бөлек, құжатта 2010 жылы Қазақстанның түркітілдес мемлекеттер ішінен алғашқы болып ЕҚЫҰ-ға төрағалық еткені түркі елдерінің халықаралық мәртебесін асқақтатуға және халықаралық қауымдастықтың Еуразиядағы орын алып отырған проблемаларды шешуге атсалысуына айтулы үлес қосқаны айтылған. Қазақстанның ИКҰ Сыртқы істер министрлері кеңесіндегі болашақ төрағалығын құптай отырып, әлемнің түрлі мәдениеттері арасындағы түсіністік пен үндестіктің мәдениетаралық өзара іс-қимылдар мен дінаралық сұхбаттың бейбітшілікті сақтаудағы маңызды құрал екендігін ескере отырып, бұған жан-жақты қолдау көрсетуге мүдделі болмақ. Сондай-ақ, ТүркПА Қырғыз елінде жағдай біртіндеп қалпына келіп, ел даму жолына түскендігін де атап өтеді.

Соңғы жаңалықтар