«Түркі әлемі: тарих және қазіргі заман» халықаралық Түрктану симпозиумы өтеді
деп хабарлады Еуразия ұлттық университетінің баспасөз орталығы.
Іс-шараны Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай ҚР Білім министрлігі, ҚР Мәдениет министрлігі, Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Президент мәдениет орталығы, Түркі академиясы, Түркия Республикасы үкіметі жанындағы әріптестік және даму жөніндегі Түркия басқармасы (ТИКА) ұйымдастырып отыр.
Симпозиумды өткізудегі мақсат - түркологияның даму өрісі мен өзекті мәселелерін талқылау, бірыңғай ақпараттық және мәдени кеңістік пен түрк әлемініңқауымдастығын құру. Яғни олар ТҮРКСОЙ, ТүркПА (Парламенттік Ассамблея) сынды өзге де ірі институттарымен теңесе отырып, ауқымды әлеуметтік катаклизм мен оқиғалар орын алған жағдайда түрк әлемі елдерін интеграциялауға себеп болады.
Симпозиумға 17 әлем елдері ғалымдары, атап айтқанда, Испания, Германия, Франция, Венгрия, Түркия, Моңғолия, ҚХР, Әзірбайжан, Өзбекстан, Түрікмения (Қырым), Қырғызстан, Армения, Украина, Ресей және оның субъектілері (Алтай республикасы, Тува, Хакасия, Удмуртия, Дағыстан, Башқұртстан, Татарстан), сондай-ақ, қазақстандық ғалымдар қатысады.
Шараға белгілі түркологтар: Жак Легран, Марицио Сильвио Пистозо, И.Кызласов, С. Кляшторный, М.Закиев, А.Шайхұлов, Иса Қапаев, Дамдинсурэн Цэвээндорж, Ахмет Ташагул, И.Невская, В.Тугужекова, Е.Гулиев сынды әлемге танымал ғалымдар қатысады деп күтілуде.