Түркі әлемінің игіліктері мен құндылықтары жасампаздық жолына пайдаланылуы керек - Н. Назарбаев

«Түркі әлемі біздің мәдени мұраларымызды етене байланыстыратын алтын арқау. Түп тамырымыз бір, тарихымыз, дініміз және мәдениетіміз ортақ. Біздер осы игіліктеріміз бен құндылықтарымызды жасампаздық жолына пайдалануымыз қажет. Бүгінде тамырлас халықтардың неғұрлым тығыз жақындата түсу жолында Түркі кеңесі, Түріксой, Түркі академиясы сияқты құрылымдар, сондай-ақ түркі тілдес елдердің Парламенттік Ассамблеясы арқылы нақты қадамдар жасауға мол мүмкіндік туып отыр. Ассамблея - Парламентаралық ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге аймақтық және халықаралық интегарциялық процестерді жандандыруға зор еңбек сіңіруде. Бұл игі қадамдар біздің елдеріміздегі бейбітшілікке, тұрақтылыққа және өркендеп дамуға жол ашуда»,-делінген Елбасының құттықтау хатында.
Сондай-ақ, Президент аталмыш басқосудың мемлекеттер мен халықтар арасындағы тиімді ынтымақтастық пен саяси диалогты жан-жақты дамытуға серпін беретініне сенім білдіреді.