Түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің құрылуы тарихи қадам болады - Түркия президенті А.Гүл

ЫСТАМБҰЛ. Қыркүйектің 16-сы. ҚазАқпарат /Мұратбек Мақұлбеков/ - Түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің құрылуы тарихи қадам болады.
None
None

Түркі тілдес мемлекеттер басшыларының 10-шы Саммитінің жалпы отырысын аша отырып Түркия Республикасының Президенті Абдулла Гүл осындай мәлімдеме жасады.

«Түркі тілдес мемлекеттер ынтымақтастығының кеңесін құра отырып, біз тарихи қадам жасаймыз», - деді А.Гүл.

Ол Түркияның Түркі тілдес мемлекеттер ынтымақтастығының Кеңесін құру туралы Нахшыван келісіміне баса назар бөлетіндігін атап өтті. «Түркі тілдес халықтардың ынтымақтастығы біздің аймақ үшін өте маңызды. Біздің мақсатымыз - біздің халықтарды одан ары біріктіріп, ынтымақтастық үшін жаңа мүмкіндіктер тудыру», -деді Түркия Президенті.

Саммит «Чираган» Сарайындағы «Боллрум А» залында өтіп жатыр. Саммитке Қазақстан, Түркия, Әзірбайжан, Қырғызстан мен Түрікменстан президенттері қатысуда.

Соңғы жаңалықтар