Түркіменстан Қазақстанмен шекараны уақытша жапты

Бұрын қол жеткізілген келісімге сәйкес, Маңғыстау облысында тұратын Қазақстан азаматтары Түркіменстанның Балқан уәлаятына 5 тәулікке дейін визасыз кіре алады. Қазақстан азаматтарының тұратын орны жеке куәліктегі (төлқұжаттағы) тұрғылықты мекен-жай белгісі негізінде анықталады. Түркіменстан Республикасының ұлттық заңнамасына сәйкес, тиісті тәртіпте виза ресімдеген азаматтар елде көбірек жүре алады.
«Қазір қазақстандық-түркімендік шекарада «Темір-баба» автомобильді өткізу бекеті орналасқан. Онда кеден бекеті мен «Болашақ» теміржол кедендік бекеті орналасқан. «Темір-баба» шекара маңындағы өткізу бекеті Қарақия ауданында Ақтау қаласынан 335 шақырым жерде орналасқан. «Болашақ» теміржол кедендік бекеті автомобильдерді өткізу бекетінен 80 шақырым жерде орналасқан», - деді Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті ұйымдастыру-қаржылық басқармасының басшысы Мақсат Ақмұратов.