Түркіменстан Президенті Қазақстанға ресми сапармен келеді

АСТАНА. 3 мамыр. ҚазАқпарат - Дүйсенбі, 6 мамыр күні елордадағы «Rixsos» қонақ үйінде Түркіменстан Президенті Гурбангулы Бердымұхамедовтың қазақ тілінде жарық көрген «Түркіменстанның емдік өсімдіктері» атты энциклопедиялық кітабының тұсаукесері өтеді.
None
None

Жинақ Түркіменстан Президентінің Қазақстанға ресми сапары аясында таныстырылмақ, деп хабарлады Қазақстан баспасөз орталығынан.

Шараға Түркіменстаннан келген делегация өкілдері, Елшілер, ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, ҚР Білім және ғылым, Денсаулық сақтау министрлігінің басшылары, Астана қаласы әкімдігінің өкілдері қатысады. Тұсаукесер рәсімнің ресми бөлімі аяқталғаннан кейін Қазақстандағы Түркіменстан елшілігі атынан гала қабылдау ұйымдастырылады.

Соңғы жаңалықтар