14:32, 25 Ақпан 2010 | GMT +5
Түркістан қалалық соты қырым қанды безгегіне қатысты дәрігерлердің үстінен қозғалған қылмыстық істі қарауды бастады
ШЫМКЕНТ. Ақпанның 25-і. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ - Түркістанның қалалық соты салғырттықтары қырым қанды безгегінен адамдардың өлуіне әкелген дәрігерлердің қылмыстық істерін қарауды бастады,
деп хабарлады сот кеңсесінен.
Өткен жылдың жаз айларында Оңтүстік Қазақстан облысында қырым қанды безгегінен пациенттер мен медицина қызметкерлерінің қайтыс болу фактісі бойынша қозғалған қылмыстық істің аясында жеті дәрігердің ісі қаралуда, олардың қатарында қалалық аурухананың бас дәрігері, оның орынбасары, жансақтау бөлімі мен №1 бөлімнің меңгерушілері, т.б. бар.
Естеріңізге сала кетейік, 2009 жылдың шілде айында Түркістанда қырым қанды безгегінен жас келіншек, оның жаңа туған нәрестесі және оларға көмек көрсеткен үш дәрігер қайтыс болған еді.