13:46, 12 Қазан 2022 | GMT +5
Түркістан облысында өзеннен адамның мәйіті табылды
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысы, Төлеби ауданында Ақсу өзенінен адамның мәйіті табылды. Қазір осы оқиға бойынша тергеу жүріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz Telegram каналына сілтеме жасап.
Ондағы мәліметтерге қарағанда, 10 қазан күні Түркістан облысының Төлеби ауданы Полиция басқармасының кезекші бөліміне өңірдің Төтенше жағдайлар департаментінен Ақсу өзенінен белгісіз мәйіттің табылғаны туралы хабарлама келіп түсті.
Оқиға орнына дереу аудандық полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы шықты.
Өзеннің оң жағалауынан табылған мәйіттің суда ұзақ тұруына байланысты тексеру кезінде оны тану мүмкін болмаған. Мәйітке тез арада сараптама тағайындалып, оның қорытындысына сәйкес әйелге тиесілі екендігі анықталды.
«Бұл жайт Төлеби АПБ-да тіркелді. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр және болған оқиғаның мән-жайы анықталуда»,-делінген хабарламада.