Түркістан облысында жоғалып кеткен 1-сынып оқушысы табылды

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат Түркістан облысының Төлеби аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне жергілікті тұрғын хабарласып, 1-сыныпта оқитын қызы жоғалғанын айтып көмек сұраған, деп хабарлайды ҚазАқпарат Түркістан облыстық Полиция департаментіне сілтеме жасап.
None
None

Департамент таратқан мәліметтерге қарағанда, әйелдің айтуынша, қызын күндегідей сабақтан алып кетуге барғанында, қыз мектепте болмай шыққан. Аталған жайт Төлеби АПБ-не тіркеліп, аудандық полицейлер тез арада іске кіріседі.

Қыздың, әлі кішкентай болуына орай, оның үстіне адам жоғалу жағдайы орын алып отырғандықтан тәртіп сақшылары қарқынды түрде барлық қажетті шараларды жасап, шұғыл-іздестіру жұмыстарын жүргізеді. Көрген-білгендерден сұрастырады. Көшелер мен саябақтарды аралап шығады. Нәтижесінде, 1-2 сағат көлемінде жоғалған қызды адасып жүрген жерінен мектептен 3 шақырым ары орналасқан көшелердің бірінен тапты. Белгілі болғандай, бірінші сыныптың оқушысы «үйіме өзім бара беремін деп, шығып кетіп» адасып қалған.

Қыздың анасы полиция қызметкерлеріне алғасын білдірді. «Балаң жоғалса, өзің қоярға жер таппай, жаман болады екенсің. Күнде әртүрлі ауыр жағдайларды еститініміз тағы бар. Құдай сақтады. Қызымды аман-есен қолыма әкелген тәртіп сақшыларының еңбегі зор. Аналық жүрегіммен үлкен рахметімді айтамын. Жұмыстарына сәттілік тілеп, қарығылықтарына басымды иемін» деп ақ тілегін жеткізді.

Түркістан облысының полицейлері азаматтарды балаларын қараусыз қалдырмауды, үнемі бақылауда ұстауды ескертеді. Араласатын ортасын біліп жүруге кеңес береді. Ал, кенеттен балаңызды жоғалтып алсаңыз «102» телефоны арқылы полицияға хабар беріңіздер.

Соңғы жаңалықтар