Түркістан полицейлері қатігездікпен жасалған адам өлтіру қылмысын ашты

ШЫМКЕНТ. 20 сәуір. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ - Із-түзсіз жоғалып кеткен адамды іздестіру барысында Түркістан полицейлері аса қатігездікпен жасалған адам өлтіру фактісін ашты,
None
None

деп хабарлады Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Түркістан қалалық ІІБ кезекші бөліміне жас жігіт арызданып келіп, өзінің 43 жастағы әкесінің жекеменшік «ВАЗ-2106» автокөлігімен үйден шығып кетіп, із-түзсіз жоғалып кеткенін хабарлады. Араға аз ғана уақыт салып, полицейлер адам өлтіргенін мойындаған 22 жасар жергілікті тұрғынды құрықтады.

«Ол ішімдік ішіп алып, такси тоқтатады. Үйіне жеткеннен кейін, ақшасын төлегісі келмей, шопырмен сөзге келіп қалады. Керіс кезінде жас жігіт жүргізушіні буындырып, пышақпен тамағынан орып жіберген», - дейді ІІД баспасөз хатшысы С.Қаракөзова. Таңертең, жан алғыш өзінің қылмысын жасыру үшін мәйітті бөлшектеп тастайды. Ал көлікті ол қала сыртына апарып өртеп жібереді. «Полицейлер мәйітті күдікті азаматтың үйінен тапты. Заттық айғақ ретінде одан екі пышақ пен қайшы тәркіленді», - деп түсіндірді С.Қаракөзова.

Аталмыш факті бойынша ҚР ҚК 96-бабы - «Адам өлтіру» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды.

Соңғы жаңалықтар
Референдум