Түркістанда ұлттық спорт түрлерінен республика чемпионаты басталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының Түркістан қаласында Ұлттық спорт түрлері - көкпардан, аударыспақтан, қыз қуудан және теңге ілуден ересектер арасындағы республика чемпионаты басталды.
None
None

Дәстүрлі чемпионатқа еліміздің барлық өңірлерінен спортшылар қатысуда. Бүгін жарыстың салтанатты ашылуы болып, ұлттық спорттың аталған барлық түрінен алғашқы сайыстар басталды.

Сонымен қатар, жарыс аясында «Жамбы ату спортын дамыту мәселелері» тақырыбында тәжірибелік семинар өткізіледі.

Тәжірибелік семинардың жалғасы ретінде жамбы ату ұлттық спорт түрінен Түркістан қаласы мен Меркі ауданында (Жамбыл облысы) 27 сәуір-11 мамыр аралығында республикалық оқу жаттығу жиындары өтеді. Еліміздің әр өңірінен 26 спорт нұсқаушылары таңдап алынып, жамбы ату бапкерлері Баткеріл Мичир мен Нұрғазиев Алдиярдың жетекшілігімен 10 күн бойы оқыту курсы жүргізіледі. Осылайша, болашақта әр облыстан жамбы ату командалары дайындалып жасақталады.

Бұл жарыстарды өткізуге ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы мұрындық болып отыр. Чемпионат 4 мамырға дейін жалғасады.

Соңғы жаңалықтар
Референдум