Түркия Шанхай ынтымақтастық ұйымы диалогы бойынша әріптес мәртебесін иеленді

АЛМАТЫ. 26 сәуір. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда Түркияға Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) диалогы бойынша әріптес мәртебесін беру туралы меморандумға қол қойылды. Бұл шара «Ыстамбұл үдерісі» елдерінің сыртқы істер министрлерінің ІІІ конференциясы аясында жүзеге асты.
None
None

Аталған құжатқа ШЫҰ тарапынан Ұйымның бас хатшысы Дмитрий Мезенцев, Түркия жағынан аталмыш елдің сыртқы істер министрі Ахмет Давутоглу өз қолдарын қойды. Онда Дмитрий Мезенцев: «Бүгін ШЫҰ отбасы жаңа мүшемен толықты. Бұл Түркия ғана емес, күллі ШЫҰ мүшелері үшін қуанышты күн», - дегенді айтты. Ал Түркия сыртқы істер министрі Ахмет Давутоглуның айтуынша, бұл Түркия үшін тарихи күн болып отыр. Екі апта бұрын Бішкекке келген кезде Қырғыз Республикасы Президенті оны ШЫҰ саммитіне шақырған көрінеді. Жалпы бұл меморандум ШЫҰ мен Түркия арасындағы үлкен ынтымақтастықтың басы деуге болады.

Соңғы жаңалықтар