13:42, 09 Сәуір 2010 | GMT +5
Түркия тарапының бастамасы бойынша Қазақстан Президенті мен Түркия Президенті телефон арқылы сөйлесті
СТАНА. Сәуірдің 9-ы. ҚазАқпарат - Түркия тарапының бастамасы бойынша Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Түрік Республикасының Президенті Абдолла Гүл телефон арқылы сөйлесті,
деп хабарлады Елбасының баспасөз қызметінен.
Мемлекет басшылары Қырғызстандағы жағдайды талқылап, бұл елде тұрақтылық пен құқықтық тәртіптің тезірек қалпына келеріне деген сенімдерін білдірді.
Әңгімелесу барысында екіжақты қарым-қатынастардың бүгінгі жай-күйі мен келешегі жөнінде сөз болды. Ағымдағы жылдың мамыр айында Абдолла Гүлдің Қазақстанға жасайтын сапарының маңыздылығы атап өтілді. Вашингтонда өтетін Ядролық қауіпсіздік жөніндегі ғаламдық саммит шеңберінде Нұрсұлтан Назарбаевтың Түркия премьер-министрі Реджеп Ердоғанмен кездесуі жоспарланған.