Түркияда Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің және Қазақстан мен Түркия арасындағы екіжақты қатынастар орнағанының 20 жылдығына арналған іс-шаралары жалғасуда

АНА. 26 сәуір. ҚазАқпарат - Түркияда Қазақстан Елшілігінің Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің және Қазақстан мен Түркия арасындағы екіжақты қатынастар орнағанының 20 жылдығына арналған іс-шаралары жалғасуда,
None
None

деп хабарлады Түркиядағы Қазақстан Елшілігінің баспасөз қызметі.

Аталған іс-шаралардың ауқымында Қазақстанның Түркиядағы Елшісі Жансейіт Түймебаев халқының саны бойынша Түркияда үшінші орында тұрған Ізмір қаласына жұмыс сапарымен барды.

Сапар барысында Елші провинция басшылығымен, «Гедиз» университетінің қамқоршылық кеңесінің төрағасымен және ректорымен, іскер топтар өкілдерімен және мәдениет қайраткерлерімен кездесті, өнеркәсіп орындарын аралады, Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған суреттер көрмесі өткізілді, сондай-ақ Елші Ж.Түймебаевтың «Канал35» телеарнасында тікелей көрсетілген телесұхбаты ұйымдастырылды.

Елшінің провинция губернаторы Мұстафа Айдынмен кездесуі барысында Қазақстан мен Түркия аймақтарының арасындағы сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастығы, бауырластық байланыстарды дамыту, ҚР Президентінің биылғы Қазақстан халқына Жолдауы тұрғысында тәуелсіздік жылдарында Қазақстанның қол жеткізген жетістіктері, түрік күрделі қаржысының қатысуымен Қазақстанда индустриялық аймақтарды құру туралы, Ресей, Қазақстан және Беларусь Кеден одағының жағдайында екі ел арасындағы сауда-инвестициялық ынтымақтастықтың жаңа түрлерін іздестіру сияқты мәселелердің кең ауқымы талқыланды.

Қала мэрі Әзиз Қожаоғлымен 2009 ж. қазанда екі ел үкіметтері қол қойған Стратегиялық әріптестік туралы шарт шеңберінде сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Мэр бауырлас Қазақстан экономикасы дамуының жоғары деңгейін атап өтті және біздің еліміздің тәуелсіздік жылдарында Президент Н.Назарбаевтың басшылығымен қол жеткізген жетістіктеріне қанағаттанғандық білдірді. Ж.Түймебаев мэрді провинцияның жетекші өнеркәсіпшілері мен іскер адамдарының қатысуымен Қазақстанға жұмыс сапарымен келуге шақырды.

«Гедиз» университетінде қамқоршылық кеңесінің төрағасы Абдолла Кавукпен және ректор Мұхаммед Акдишпен кездесіп, білім саласындағы ынтымақтастық және «Гедиз» университеті мен қазақстандық университеттер арасында студенттермен және кадрлармен алмасу туралы сұхбат құрды. Елші қазақстандық білім беру саласының жетістіктері туралы ақпарат берді.

Сапар шеңберінде Елші Ж.Түймебаев басқарған қазақстандық делегация Ізмірдің өнеркәсіп аймағының өндірістік объектілеріне барды.

Кайсериге сапар барысында Елші Ж.Түймебаевтың, губернатор М.Билиджидің, Қазақстан мен Түркия іскер топтары өкілдерінің қатысуымен бизнес-форум өтті. Форумда сөйлеген сөзінде Ж.Түймебаев Қазақстанның негізгі сыртқы саяси бастамалары, соның ішінде Қазақстанның 2011 жылғы ИКҰ-ға және ШЫҰ-ға төрағалығы туралы ақпарат берді, Қазақстанда қабылданған жаңа индустриялық-инновациялық бағдарламаның негізгі бағыттарын жария етті, шетелдік инвестицияларды салудың ықтималды салаларын, соның ішінде нақты инвестициялық жобаларды белгіледі. Ол сондай-ақ түрік іскер адамдарын Қазақстанның 80 индустриялық-инновациялық жобасымен таныстыра келіп, түрік өнеркәсіпшілерін Қазақстан Үкіметінің индустриялық-инновациялық бағдарламасы мен Қазақстан, Ресей және Беларусь арасында құрылған Кедендік одақ беретін жаңа мүмкіндіктерді пайдалануға шақырды. Ж.Түймебаев ізмірлік өнеркәсіпшілерді Қазақстанда әр түрлі жеңілдіктер мен артықшылықтар берілетін өнеркәсіп аймақтарын құруға қатысуға шақырды. Форум аяқталған соң қатысушылар Қазақстан туралы суреттер көрмесімен танысты.

Тұтасымен алғанда Ізмір провинциясының басшылығы мен іскер және академиялық топтарының оң көзқарасын атап өту керек, кездесулер нәтижелері бойынша олардың тарапынан Қазақстанмен тығыз байланыстар орнатуға мүдделілік білдірілді.

Соңғы жаңалықтар