Түркияның Ескішаһар тұрғындары қазақтың салт-дәстүріне тәнті болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркияның Ескішаһар (түрікше - Эскишехир) қаласында Наурыз мерекесі кеңінен аталып өтті.
None
None

Халықтар бірлігін, табиғат пен адамның жаңаруын білдіретін Әз Наурыз Ескішаһардың бас алаңдарында мерекеленді.

Түркиядағы Қазақстан Елшілігі орталық алаңда қазақ киіз үйін тігіп онда халқымыздың дәстүрі мен ұлттық құндылықтарынан сыр шертетін көріністерді және жабдықтарды көпшілік назарына ұсынды. Сонымен қатар осы елдегі қандастарымыз жұршылыққа ұлттық тағамдарды таратты.

Өз сөзінде ҚР Елшісі Жансейіт Түймебаев Түркияда Наурызды тойлау мәртебесі артуының маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар ол осы мейрам Астана мен Анкара арасындағы мәдени байланысты нығайта түсуге ықпал ететінін жеткізді.

Шара барысында Қазақстанның жетістіктері жайындағы фото көрме және түрік тіліне аударылған Елбасының кітаптарының, Абай Құнанбаевтың және Мағжан Жұмабаевтың шығармалары және басқа үздік туындылардан құралған кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Түркиялық қаланың тұрғындары Қазақстанның салт-дәстүрі мен ұлттық өнеріне, шығармалары мен жетістіктеріне тәнті болды.

Соңғы жаңалықтар