Түркияның Кайсери қаласы мен Қазақстанның Павлодар қаласының арасында бауырластық байланыстар орнату туралы келісімге қол қойылды

АСТАНА. Мамырдың 11-і. ҚазАқпарат - Павлодар облысының әкімі Бақытжан Сағынтаев бастаған Павлодар облысының делегациясы Түркияның үлкен аймақтарының бірі болып табылатын Кайсери аймағында болып қайтты.
None
None

Бұл сапар - Премьер-Министрдің орынбасары - Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев бастаған қазақстандық делегацияның мамырдың 3-4-інде Түркияға жасаған сапарының маңызды бір бөлігі болды, деп хабарлады Қазақстанның Түркиядағы елшілігінен.

Сапар барысында Павлодар мен және Кайсери қалаларының арасындағы бауырластық қатынастар орнату туралы келісімге қол қойылды. Павлодар облысының делегациясы сондай-ақ, Кайсери қаласының әкімі Мехмет Өзхасекимен, Кайсери аймағының әкімі Мевлут Билижимен, аймақтық өндірістік палатасының төрағасы Мустафа Бойдакпен, аймақтық сауда палатасының жетекшісі Али Килижимен кездесулер өткізді. Олардың барысында Қазақстан мен Түркияның, Павлодар облысы мен Кайсери аймақтарының сауда және экономикалық, мәдени-гуманитарлық және бауырластық қатынастары туралы бірқатар мәселелер талқыланды.

Соңғы жаңалықтар