19:57, 29 Қазан 2015 | GMT +5
ТүркПА бақылаушылар миссиясы Әзербайжанда парламент сайлауын бақылайтын болады
БАКУ. ҚазАқпарат - Бүгін ТүркПА халықаралық бақылаушылар миссиясы 1 қарашада өтетін Әзербайжан Республикасының Милли Мәжлисіне (парламентіне) сайлауды бақылау үшін Баку қаласына келді. Қазақстан, Қырғызстан және Түркия парламентарийлерінен құралған топқа Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, ТүркПА Экономикалық әрекеттестік комиссиясының төрағасы Серікжан Қанаев төрағалық етеді.
Алдағы сайлау барысында Әзербайжан парламентіне 125 депутат сайланады, елде 5380 сайлау учаскесі ашылып, 5.1 миллион сайлаушы тіркелген.
Сапар бағдарламасына сай, ТүркПА бақылаушылар миссиясы Милли Мәжлис төрағасы Оқтай Асадовпен, Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Мазахир Пәнаховпен, Сыртқы істер министрлігінің жетекшілігімен және басқа да кездесулер жоспарланған.
2 қараша күні миссия сайлау қорытындылары бойынша баспасөз конференциясын өткізбек.
Берик Хамидов