ТүркПА делегациясы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасында болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - ТүркПА-ның алтыншы пленарлық отырысына келген делегациялар Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасында болды.
None
None

Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметінен хабарланды.

Кітапханада мәртебелі меймандар Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай ұйымдастырылған көрмені аралап, Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың бастамалары мен ұлы мұраттарына арналған экспозицияларды тамашалады. Түркілер делегациясын, әсіресе «Әлемге өзгеріс әкелген идеялар» атты интерактивті таным орталығы қатты қызықтырған секілді. Онда Тәуелсіз Қазақстанның жеткен жетістіктері мен Елбасының ойлары және мақсаттарынан жасалған тұжырымдар туралы ауқымды материалдар ұсынылып, оған жаңа технологиялық ақпараттар пайдаланылған.

Қонақтар сонымен қатар Н.Ә.Назарбаевтың жеке кітапханасымен және тақырыптық кітаптар коллекциясымен де танысты.

Еске салайық, Түркітілдес мемлекеттер Парламенттік Ассамблеясы 2008 жылы 21 қарашада ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен құрылып, оның құрамына Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан және Түркия елдері кірген болатын.

Соңғы жаңалықтар