ТүркПА түркі әлемінің халықаралық аренадағы позициясын күшейтуге қабілетті беделді ұйымға айналатыны күмәнсіз - О. Мұхамеджанов

АСТАНА. 28 сәуір. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - ТүркПА түркі әлемінің халықаралық аренадағы позициясын күшейтуге қабілетті беделді ұйымға айналатыны күмәнсіз. Бүгін елордада өтіп жатқан ТүркПа ІІ-жалпы отырысы барысында сөз сөйлеген ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Орал Мұхамеджанов осылай мәлім етті.
None
None

Өз сөзінде Мәжіліс спикері бүгінгі бас қосудың мақсат-мұраты мен мазмұн- маңызы айырықша екенін атап көрсетті. «Биылғы халықаралық қауымдастықтың тең құқықты мүшелері ретінде біржола қалыптасқан Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түрікменстан және Өзбекстан өз тәуелсіздіктерінің 20 жылдығын атап өтпек. Біздің елдердің қай-қайсы үшін де бұл кезең қилы-қилы қатал сынақ пен мән-маңызы мол істерге толы кезең болды»,-деді О. Мұхамеджанов.

Сондай-ақ Мәжіліс төрағасы түркі әлемін жақындастыру мақсатындағы ТүркПА-ның әлеуетіне де ерекше тоқталып өтті. «Түркітілдес мемлекеттердің Парламеттік Ассамблеясы - жас ұйым. Біздің осы бас қосуымыздың арқауы болып отырған тәуелсіздігіміздің мерейтойы туралы тағы да сөз қойғай отырып, мемлекеттердің қалыптасу кезеңінің ойдағыдай өткені секілді, ТүркПА-ның да түркі әлемінің халықаралық аренадағы позициясын күшейтуге қабілеті бар беделді ұйымға айналатынын күмәнсіз деп білемін. Біздің ортақ мақсат-міндеттерімізді іске асыруға бағытталған ТүркПА-ның бастамалары мен ұсыныстарының бәрі қазақстандық әріптестері тарапынан барынша қолдау табатынына сендіргім келеді»,-деді О. Мұхамеджанов.

Соңғы жаңалықтар