Түрлі салаларда тиімді аймақаралық байланыстарды дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашылуда - ҚР Үкімет басшысы

АСТАНА. 12 шілде. ҚазАқпарат - Бүгін Өскеменде ҚР Үкімет басшысы Серік Ахметовтің төрағалығымен Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Павлодар облыстарының өңіраралық интеграция форумы өтті.
None
None

Шараға қатысушылар - орталық және жергілікті билік органдарының, өнеркәсіптік және ауылшаруашылық кәсіпорындардың жетекшілерімен, кәсіпкерлік ортаның, сарапшылар қоғамының өкілдері - алдында сөз сөйлеген С. Ахметов Елбасының «Қазақстан 2050 стратегиясында» жүктеген өңірлерді интеграциялау міндетін орындау барысында Форумның маңыздылығын атап өтті.

«Қазақстанның Кедендік Одақ және алдағы ДСҰ-ға кіруі жағдайында аймақтық интеграция мәселелері алдыңғы қатарға шығады», - деген Үкімет басшысы форумның маңыздылығын «аймақтардың белсенді өзара іс-қимылының бастау алаңы, өзара тиімді шарттар мен уағдаластықтарды жасауға жаңа мүмкіндіктер» ретінде қарастыру керектігін атап өтті.

С. Ахметов Елбасының аймақтардың тұрақты дамуы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру міндеті жүктелген Өңірлік даму министрлігін құру туралы шешімінің өзектілігіне тоқталды.

Талқылау қорытындысын шығара келе, Үкімет башысы «бүгінгі күні аймақтар арасындағы қарым-қатынастардың жаңа деңгейіне, олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін қолайлы шешімдер іздеуге бастама берілді» деп қорытты.

Сонымен қатар, оның пікірі бойынша, мұндай кездесулер орталық және жергілікті мемлекеттік органдар, мемлекет және бизнес арасында өзара түсіністікті арттыруға, іскери байланыстар мен аймақаралық кооперацияны дамытуға мүмкіндік береді.

Форумға қатысушы-облыстар ынтымақтастығының болашағына қатысты С.Ахметов олардың өзара іс-қимылы үшін қуатты әлеует бар екенін атап айтты. «Сіздердің аймақтарыңыз ел аумағының шамамен 40%-ын алып жатыр, мұнда республика тұрғындарының үштен бір бөлігі тұрып жатыр, облыстар республикалық ішкі жалпы өнімнің 19%-ын береді», - деп жалғастырды ол.

Ішкі аймақтық кооперацияның дамуында С.Ахметов жергілікті атқарушы органдардың ерекше рөлін атап айтты және аймақты дамыту тәсілін өзгерту керектігіне баса назар аударды. Ол үшін өңірлерді дамытудың толыққанды нормативтік құқықтық және институционалдық базасы қалыптастырылған. Аймақтарда маңызды инвестициялық жобалар іске асырылуда, әлеуметтік және тұрғын үй инфрақұрылымы жаңартылуда. Барлық аймақтарда ӘКК, кәсіпкерлікке қызмет көрсету орталықтары жұмыс істейді, арнайы экономикалық аймақтар және индустриалдық парктер құрылған, жергілікті өзін-өзі басқару дамуда, іскерлік ахуал жақсаруда, инвесторларға жағдай жасалған, жаңа өндірістер мен жұмыс орындары ашылуда.

Сонымен бірге Үкімет басшысы «аймақтардың әлеуетін жүзеге асыру мен мемлекет тиімділігін арттыру үшін мемлекеттік органдардың, бизнестің, даму институттарының, инвесторлардың келісілген және үйлестірілген әрекеттері қажет» екендігін айқындады.

Аймақтық байланыстың тиімділігін дамыту, С. Ахметовтің сөзіне қарағанда, өнеркәсіптік және кластерлік кооперация, ірі инфрақұрылымдық, оның ішінде бюджеттік, жобаларды жүзеге асыру, әлеуметтік кәсіпкерлік коорпорация, туризмді дамыту, кадрмен қамтамасыз ету салаларында жаңа мүмкіндіктер ашады.

Үкімет басшысы аймақтармен қарым-қатынас орнату үшін қажетті бағыттарды атай отырып, Өңірлік даму министрлігіне аймақаралық ынтымақтастық бағытындағы әлемдік тәжірибені егжей-тегжейлі үйреніп, соған сәйкес зерттеулер жүргізіп және бұл үдеріске еліміздің басқа аймақтарын тартуды тапсырды.

Премьер-Министр сонымен бірге Өңірлік даму министрлігіне осы жылдың соңында барлық облыс, мемлекеттік органдар мен эксперттік қоғамдастық өкілдерінің қатысуымен тұңғыш Аймақтық форум өткізуге кең ауқымды дайындықты бастай беруді тапсырды.

«Біздің мақсатымыз - елдің тұрақтылығы мен гүлденуіне қатысты Елбасы тапсырмасын орындау», - деп сөзін қорытындылады Премьер-Министр.

Форум шеңберінде Шығыс Қазақстан, Алматы, Қарағанды және Павлодар облыстарының әкімдері арасында аймақаралық байланыстарды кеңейту және өзара іс-қимыл туралы Шекті келісімге қол қойылды.

Форум қорытындысы бойынша төрт облыстың әкімдері 20 миллиард теңгеге бас-аяғы 40 келшісім-шарт жасасты.

Өскеменде С. Ахметов «Алтай» технологиялық паркінде өткен көрмеге қатысты. Онда ол форумға қатысушы 4 облыстың индустриялды-инновациялық мүмкіндіктері мен кәсіпорындардың өнімдерімен танысты.

Таныстырылымды жүктеу

Соңғы жаңалықтар
Референдум