09:33, 02 Қараша 2009 | GMT +5
Түрмеден қашу оқиғасының алды алынды - Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті
АСТАНА. Қарашаның 2-сі. ҚазАқпарат /Ғалымжан Хасенов/ - Бақылау бекетіндегі сақшының қырағылының арқасында сотталушының қашу оқиғасының алды алынды,

деп хабарлады Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінен.
Оқиға демалыс күндері Павлодардағы қатаң режімдегі түзету мекемелерінің бірінде орын алды. Тапа-тал түсте бақылау жолағын кесіп өтіп, мекеменің негізгі дуалына өрмелеп шыға бастаған 26 жастағы сотталушыны сақшының ескерту оғы тоқтатқан. Мүмкін, күтпегендіктен немесе қорқып қалғаннан болар, сотталушы ескерту оғы атылғаннан сәтте, биік дуалдан құлап кеткен. Оны сол кезде сақшылар мен күзетшілер ұстады.