21:27, 21 Желтоқсан 2009 | GMT +5
Тұтынушы инфрақұрылымдық қызметтерді толықтай алуы тиіс - Жамбыл облысының әкімі
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. Желтоқсанның 21-і. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Тұтынушы коммуналдық ұйымдардан қызметтерді толықтай алуы тиіс. Бұл жөнінде Жамбыл облысының әкімі Қанат Бозымбаев Мойынқұм, Шу және Қордай аудандарының бірқатар әлеуметтік сала нысандарында болған кезінде айтты.

Шу қаласында облыс әкімі орталық қазандықты қарады. Жылу беру маусымы және тұтынушыларға жылу беру басталғаннан бері қазандық Шу қаласының тұрғындарына ыстық су бермеген.
Жеткізіп берушілер ыстық суды жыл бойы беру экономикалық тұрғыдан тиімді емес деп санайды. Халықтың ыстық суды батареядан құйып алып, пайдаланатыны анықталды.
Әкім осы мәселені шешу мүмкіндігін қарауды тиісті ведомствоға тапсырды. «Орталық қазандықтың толық технологиялық циклі болуы тиіс, қазандықтың өзін-өзі ақтауы үшін экономикалық мәселелерді шешу қажет», - деді Қ.Бозымбаев.