Тұтынушылық несие бойынша берешек 270 млрд теңгеге жетті - ҚР ҰБ
«Азық-түлік емес тауарлар бағасы өсімінің артуындағы драйверлердің бірі тұтынушылық несиенің артуы болып отыр. Жыл басынан бері банктерге тұтынушылық несие бойынша берешек көлемі 11 пайызға немесе 270 млрд теңгеге артты», - деді ол.
Оның айтуынша, ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында отандық тауларлардың барлық баға өзгерістерін көрсететін ЖІӨ дефляторы 6,7 пайызды құраған.
«Бұл импортталатын тауарлар бағасының өзгеруін де қамтитын тұтынушылық баға индексі көрсеткішінен төмен. Мұндай жайт баға өсімі себептерінің бірі импортқа бағаның артуы екендігін білдіреді», - деді ҰБ төрағасы.
Ақышевтың пайымынша, әзірше отандық өндірушілер көрші елдердің импортымен бәсекелестікке түсе алмай отыр. Оны статистикалық деректер де көрсетіп отыр.
«Импорт алмастырудың қалпына келуі үшін елге ұзақ уақыт қажет екендігі айқын. Ресейден келетін импорт өсімі ағымдағы жылы 32 пайызға жетті. Яғни, отандық тауар өндірушілер бәсекеге қабілеттілік таныта алмай отыр», - деді ол.