Туысын өлтірмекші болған тұрғын алты жылға сотталды - БҚО

ОРАЛ. ҚазАқпарат - БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 25 қарашадағы үкімімен А.Фофонов ҚР ҚК 24-бабы 3-бөлімі, 96-бабы 1-бөлімімен айыпты деп танылып, алты жылға бас бостандығынан айыру жазасын қатаң тәртіптегі түзеу мекемесінде өтеуге сотталды.
None
None

БҚО сотының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, А.Фофонов жиенімен бірге өз үйінде арақ ішіп отырған мезгілде бұрынғы әйелі келген. Моншаға түскеннен кейін әйелді Фофоновтың жиені автобус аялдамасына дейін шығарып салған. Осы әрекеті үшін сотталушы оған кінә таққан. Кикілжіңнен қашып, жиені басқа бөлмеге кетпек болғанымен, Фофонов ашу-араздық негізінде үстел үстінен асүй пышағын алып, оның кеудесі мен мойнына бірнеше соққы жасаған. Қашпақшы болған жиенінің сол жақ иығына тағы пышақ жұмсайды. Өмірі үшін жанталасқан ол иығына қадалған пышақпен пәтерден сытылып шығып, қашып кеткен. Соның арқасында ғана Фофоновтың кісі қанын жүктемек ниеті жүзеге аспады.

Соңғы жаңалықтар