Твиттерде шетелдіктер Қазақстанның Олимпиададағы ірі жеңістеріне таңдай қағуда

АСТАНА. 1 тамыз. ҚазАқпарат - Қазақстандық блогшы Аян Әлжанов өзінің желідегі парақшасында бірнеше шетелдік азаматтың Олимпиададағы Қазақстанның жетістіктері жайлы жазғандарын ұсыныпты.
None
None

1. «Қазақстанға - 10 жыл, оларда алтын медаль бар. Малайзияға - 55 жыл, дегенмен оларда менің қолдауымнан басқа ештеңе жоқ».

2. «Қазақстанда 3 алтын медаль бар, ал Канадада 0? Бұл қалай болғаны?!» Осындай сұраққа австралиялықтар да бас қатыруда.

3. Британдық: «Әлі де болса Қазақстаннан қалыс қалып келе жатқанымызға сенер емеспін».

4. Ал мынау америкалықтың сөзі: «Осылайша Қазақстаннан тек Қытайдың, АҚШ-тың және Францияның медалі көп».

5. «Қазақстан алтыншы орында! Әлемде не боп кеткен? Ақырзаман таянып қалған ба?»

6. Үндістер де өз құрамаларының өнеріне көңілдері толмауда: «Миллиард тұрғыны бар ел тек қолаға қол жеткізді ме? Бұл тым қынжыларлық және ыңғайсыз жағдай. Қазақстанның өзінде 3 алтын бар».

7. Тағы бір британдықтың «қанатты сөзі»: «Менің Олимпиадаға түкіргенім бар, бірақ Қазақстанда 3 алтын болып тұрып, бізде 0 болғаны қызық екен».

8. «Қазақтар әзілдеп отырған жоқ. Олар тек алтынға дәмелі. Күміс те, қола да керегі жоқ».

9. «Қазақстанда 3 медаль. Бізде - 0. Борат мақтан тұтар еді», деп жазады Тұманды Альбионның тұрғыны.

10. Қазақстан - 3 медаль, Аргентина - 0... Эхх.

11. Қазақстанның өзі біздің елді артқа тастады. Мен осындай ел барын білмеппін де.

Соңғы жаңалықтар