ТЖ министрі Оңтүстік Қазақстан облысының су басқан аудандарын тікұшақпен шолып шықты - ҚР ТЖМ

және аудан әкімдері құрамындағы жұмыс тобы 29 ақпанда су басқан аудандарды тікұшақпен шолып қарап шықты. Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.
Бәйдібек ауданын, Түркістан қаласын және Ортабасы ауданының Темірлан кентін қарау барысында ҚР ТЖ министрі Темірлан кентінде жергілікті тұрғындармен кездесіп, үйлер мен шаруашылық құрылыстардың бұзылу дәрежесін анықтап, келтірілген залалды бағалау үшін комиссия құрылғанын түсіндірді.
Қазіргі кезде су басуы салдарын жою үшін ҚР ТЖМ-нан 692 адам, 114 бірлік техника, 21 бірлік жүзу құралдары жұмылдырылған.
2012 жылғы 1 наурызда ҚР ТЖ министрі су басқан Шымкент қаласындағы Забадам елді мекенінде болып, ОҚО дағдарыстық орталығында кеңес өткізді.
Министрлік бөлімшелері Оңтүстік Қазақстан облысында су тасқыны басталғалы 3300 адамды көшірді; ұзындығы 1420 метрден астам қорғаныш бөгеттері тұрғызылды; топырақ салынған 21 мыңнан астам қаптан кедергілер салынды; 35 000 текше метрден астам су басқан үйлер мен аулалардан қар суы сорып алынды; ұзындығы 5600 метрден астам су өткізу құрылғылары тереңдетілді.
Сондай-ақ ҚР ТЖМ «Найман-арық» арнасында жағалауды бекіту жұмыстарын жүргізуде. Шымкент қаласында көшелердегі су сорып алынуда. Тұрлан экспедициясында арнаның жағалауын бекіту жұмыстары атқарылуда. Қайтпас-2 кентінде су сорып алынып, арықтар тазартылуда.
Сайрам ауданында «Қарабастау» ауылында және «Жұлдыз» ауылдық округінде қар суын сорып алып, ағызу жұмыстары жалғастырылып жатыр. Арыс қаласында арналар мен арықтардың бұзылған учаскелерін қалпына келтіру және бекіту жұмыстары жүргізілуде.
Түркістан қаласының Шаға, Берсінтөбе және Қазақстанның 30 жылдығы атындағы ауылдарында құм толтырылған қаптардан қорғаныш бөгеттері тұрғызылуда, «Түркістан-Шымкент» күрежолының бойындағы көпірлер маңында жағалауды бекіту жұмыстары жүргізілде.
Төлеби ауданының Сарқырама елді мекенінде су ағызатын арна жасалуда.