ТЖД-нің 15 қызметкері аттестаттаудан өте алмады - Қызылорда облысы

ҚЫЗЫЛОРДА. 22 қазан. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәлімдеуінше,  өңірлік аттестаттау жөніндегі біліктілік комиссиясы жұмысының нәтижелері бойынша төтенше жағдайлар департаментінің 15 қызметкері сынақтан өте алмаған. 
None
None

Аттестаттау барысында 464 қызметкердің дайындық деңгейі, шеберлігі,  білімі мен біліктілігі тексерілді. Аттестаттау қорытындысы бойынша, 17 сардардың қызметін жоғарылатуға ұсыныс жасалған, ал 16 адамның нәтижесі нашар болғандықтан, лауазымы төмендетіледі. Екі маман басқа жұмысқа ауыстырылып, аттестаттау қорытындысына сәйкес сынақтан сүрінген 15 қызметкер жұмыстарынан босатылады.

Соңғы жаңалықтар